Қоғам

Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылды

06 желтоқсан, 22:3398
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Ауа райының бұзылуына байланысты елордадан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ға сілтеме жасап. 

"Құрметті елордалықтар мен қала қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жел 25 м/с) 06.12.2019 ж сағат 20.30-дан бастап қаладан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылғанын хабарлайды" делінген хабарламада. 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД тұрғындарды ауа райының өзгеруіне байланысты ақпараттардан құлағдар болып, барынша сақ болуға шақырады. Егер төтенше жағдай орын алған жағдайда "112" нөміріне телефон шалуға кеңес береді. 

 




Наверх