Қоғам

Нұр-Сұлтандағы коменданттық сағат туралы желілерде тараған ақпарат жалған болып шықты

27 наурыз, 15:30139
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда 27 наурыздан бастап халықтың, соның ішінде автокөлік құралдарының жүріп-тұруын шектейтін эпидемияға қарсы режимнің енгізілуі туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілердегі 2019 жылғы 19 наурыздағы №01 «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» хабарлама жалған. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сіздерден әлеуметтік желілерде тарайтын жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздеріне сенім танытуларыңызды сұраймыз. Барлық тексерілген дәл ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан ала аласыздар», – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде.

«Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» astana.gov.kz сілтемесі арқылы білуге болады.




Наверх