Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан көз жұмды

31 наурыз, 12:15282
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жедел жәрдем бригадасы бұл азаматты 21 наурыз күні ауруханаға жеткізген.

 Белгілі болғандай, 50 жастағы азамат бір айдай ауырып жүргенімен, дәрігерлер көмегіне жүгінбепті.

«Байланыста болған отбасы мүшелері мен әріптестері бар жалпы саны 31 адам ауруханаға жатқызылды, 55 адам үй карантинінде», деп көрсетті Сәуле Қисықова.

Сонымен қатар көз жұмған азаматтың отбасының екі мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталды.




Наверх