Қылмыс және оқиғалар

Нұр-Сұлтанда психоневрологиялық диспансерден қашып кеткен азамат ұсталды

10 қазан, 09:1266
Автор: Elorda Aqparat

Елордадағы Жансүгіров көшесіндегі психоневрологиялық диспансерден 9 қазан күні қашып кеткен азамат қолға түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің кешенді оперативті іздеу жұмыстарының нәтижесінде кеше 22:40 шамасында табылды. Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті қашып кеткен азаматты іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Айта кетейік, оны ұстауға Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх