Қоғам

Нұр-Сұлтанда қыста автокөлік жылытатын инновациялық құрылғы орнатылды

16 қараша, 11:04139
Фото: Василий Крась Фото: Василий Крась

Инновациялық технология бас қаланың бірнеше ауданында орнатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

Бүгін Азия Даму Банкі (АДБ) мен Нұр Сұлтан қаласының әкімдігі төмен көміртекті қалаларды дамыту бастамасы аясында автомобиль қозғалтқышын электрмен жылыту технологиясы бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық елдерінің қалаларында төмен көміртекті дамуды ілгерілетуге қатысатынын растады.

Таза технологиялар қорының қолдауымен қыста автомобильдерді салқындатудың зиянды әсерлерін азайту үшін электр қозғалтқышын алдын ала қыздыру технологиясы туралы бастама көтерілді. Бұл бастама Канада, АҚШ, Финляндия, Швеция және Норвегия сияқты елдерде кеңінен қолданылады және өзін 50 жылдан астам уақыт бойы танытты.

Фото: Василий КрасьФото: Василий Крась

«Бұл жобаның мақсаты – қала экологиясының жақсаруына үлес қосу. Бұл фин технологиясын Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Бізде суық күндері автокөлікті қыздырғанда қаншама уақыт пен ауаға қалдық шығарылады. Осы орайда бұл құрылғы өте ыңғайлы және көліктің қозғалтқыш құралдары үнемі жылы болып тұрады. Яғни автокөлікті қыздыруға уақыт жоғалтпайсыз. Бұл бірлескен жобаның тек бастамасы ғана деп санаймын. Біз аталған құрылғыны орнату үшін елорданың бірнеше ауданын таңдап алдық. Сондай-ақ, қаланың әр ауданында бір құрылғыдан орнатылатын болады. Сол сияқты инновациялық құрылғыны болашақта электр жүйесімен жүретін автокөліктер үшін де қолдануға болады», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 350 мыңға жуық көлік тіркелген. Қыстың суық мезгілінде (-35°C дейін) көптеген тұрғындар қозғалтқышты және салонды жылыту үшін автомобиль қозғалтқыштарын ұзақ уақыт қыздырады. Бұл шамадан тыс жанармай мен қаржылық шығындарға, қозғалтқыштың тозуына және парниктік газдар мен зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына әкеледі.

Бұл пилоттық жобаның мақсаты – тұрақ кезінде суық мезгілде қозғалтқышты және автомобиль ішін қыздыратын электр қозғалтқышын алдын ала қыздыру технологиясын енгізу.

Технология қозғалтқыш блогында кішігірім қыздыру элементін орнатуды қарастырады немесе салқындату жүйесіне қосылып сыртқы қуаттағыш электр станциясына қосылумен электр қуатымен жұмыс істейді. Бұл жабдықты автомобильге сертификатталған маман немесе зауытта автомобиль өндірушісі орнатуы мүмкін.

«Біз серіктестерімізбен бірге аталған инновациялық технологияны Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет қолданысқа енгізіп отырмыз. Жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан қала әкімдігі мен Қазақстандағы Финляндия елінің елшілігіне алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта жобаның аясы кеңейіп, басқа қалаларда да іске қосылады деген үміттеміз», – деді Азия даму банкінің президенті Такехико Накао.




Наверх