Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған төрт науқас ауыр халде жатыр

26 наурыз, 18:21122
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордалық науқастардың халі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында стационарлық ем қабылдап жатқан коронавирустық инфекциясы бар 61 пациенттің төртеуі тұрақты ауыр халде жатыр. Оларда тыныс алу ауруы мен пневмония расталды. Науқастар коронавирустық инфекцияны анықтау және емдеу хаттамаларына сәйкес ем қабылдап жатыр. Қалған пациенттер шағымданған жоқ, олардың халі – қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілген жоқ», - деді С.Қисықова арнайы брифингте.

Қымбат Елтайқызы




Наверх