Қоғам

Нұр-Сұлтанда коммуналдық техника шығаратын өндіріс орнын ашу мәселесі сөз болды

18 қараша, 22:1870
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Алтай Көлгінов/Instagram Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Нұр-Сұлтанда белорусстық-қазақстандық бірлескен коммуналдық арнайы техника шығаратын өндіріс орнын ашу мәселесі талқыланды деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісінде жариялады. 

«Минскте қалалық атқарушы комитетінің төрағасы Анатолий Сивакпен кездесу барысында Нұр-Сұлтанда коммуналдық және арнайы техникаларды бірлесіп шығару өндірісі туралы талқыладық. Елорданың климаттық жағдайын ескеретін болсақ, құрылыс саласында техникаға сұраныс бар», – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram желісінде. 

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

Оның сөзінше, бас қаланың коммуналдық қызметінің паркі жаңартылады. 

"Осы жазда «Астана Тазалық» техникаларының дайындығын қадағалау барысында техникалардың 30 пайызының ескіргенін байқадық. Сондықтан қосымша арнайы техникаларды сатып алуға шешім қабылдадық. Барлық процедура аяқталуға жақын. Енді қараша мен желтоқсанда қаланың коммуналдық қызметі 60-тан аса техника бірлігімен толығады. Алғашқы кезеңде 120-дан аса арнайы техника алу жоспарланып отыр. Одан кейін де коммуналдық қызмет паркін жаңарту жоспарда бар. Бұл, әлбетте, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызып, қаланы таза ұстауға мүмкіндік береді", – деп түйіндеді қала басшысы. 

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram Фото: Алтай Көлгінов/Instagram




Наверх