Қоғам

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 134 өрт оқиғасы тіркелді

13 наурыз, 22:22170
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Бас қалада тілсіз жау – өрт көбейіп барады. Атап айтқанда, жыл басынан қазірге дейін Нұр-Сұлтанда 134  рет өрт апаты болып, 11 адам қаза тауып, 11 адам жараланған. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Талай отбасының мүлкін жалмап, адамдарын далада қалдырған өрттің көбі тұрғын үй аумақтарында болған.

«Өкінішке қарай, өрттің көбі тұрғын үй аумақтарында болған. Нақты айтқанда, тұрғын үй алаптарында 68 өрт болып, оның ішінде 45 өрт жеке тұрғын үйлерде тұтанды. 10 адам қаза болды», - деді Бауыржан Мәдіұлы.

Өрт шығу себептерін де атап өткен департамент басшысы жеке сектордағы өрттің көбінде пешті дұрыс орнатпаудан, электр сымдарының дұрыс жалғанбауынан және үйлердің пайдалану мақсатын өзгертіп, жатақхана, сауда орындарын ашудан, өрт қауіпсіздігін ескермеуден шығатынын жеткізді.

Өрттің жиілеуіне байланысты сақтық шаралары күшейтілгенін, алайда алдын ала тексерулер жүргізіліп, өрт қауіпсіздігін сақтамаған тұрғындарға неше мәрте ескерту жасағанымен, өрттен сақтану талаптары жиі бұзатынын алға тартты. Сондай-ақ ол тұрғындарды өттен сақтанудың талаптарын орындауға шақырды.

«Қала тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қатаң сақтауы керек. Пеш және электр жабдықтарын, газ баллондарын дұрыс пайдалануға ерекше көңіл бөліп, балаларды қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ балалардың сіріңкемен ойнауына және ашық отқа жақындауына жол бермеу керек», - деді Б.Сыздықов.




Наверх