Экономика

Нұр-Сұлтанда валюта айырбастау пунктерінің жұмыс кестесі өзгереді

20 наурыз, 23:03257
Автор: Elorda Aqparat
24.kz 24.kz

21-25 наурыз аралығында валюта айырбастау пунктері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Қала аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен, 21-25 наурыз аралығында уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын жүзеге асыру құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктерінің жұмысы сағат 10:00-ден бастап 16:00-ге дейін шектеледі.

Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

 

Қымбат Елтайқызы




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх