Қоғам

Нұр-Сұлтанда 800-ден астам мұқтаж отбасыға маска мен антисептиктер таратылды

24 наурыз, 12:0540
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Волонтерлер штабы коронавирус инфекциясын алдын-алу және аса қажетті тауарлармен қамтамасыз ету бойынша тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жанаусыз гигиеналық құралдарды (медициналық маска, антисептик құралдары) үздіксіз тарату жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19 наурыздан бастап бүгінге дейін 800-ден астам отбасыға көмек көрсетілді. Карантин режимі кезінде шамамен 5000 отбасыға көмек көрсету жоспарланған. Азық-түлік себетін тарату азық-түлік себеті тізіміне енетін ең қажетті тауарларды теңдей үлеспен бөлуден басталады.

Бұдан соң әр себет бірдей дайындалып, кейін әр мекенжайға жеткізу үшін көлікке тиеледі. Волонтерлер азық-түлік себеттерін түгелдей таратуды өз мойындарына алады.

Естеріңізге салсақ, Nur Otan партиясының төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы көмекке мұқтаж әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, жалғызбасты қарттарға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлінген болатын.




Наверх