Билiк және саясат

"Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті азаматы" атағын екi астаналық иеленді

05 шiлде, 18:56767
Автор: Elorda Aqparat
Сурет авторы Сұлтан Сейітов Сурет авторы Сұлтан Сейітов

Бүгін Нұр-Сұлтан əкiмi Алтай Көлгінов елорданың дамуына үлкен үлес қосқан қала тұрғындарына "Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті азаматы" атағын табыстады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті азаматы" атағы Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының Құрмет белгісінің иегері Жаңбыршы Нұркенов пен Еуразиялық медициналық қауымдастықтың вице-президенті, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі, жоғары санатты дәрігер Надежда Петуховаға берілді.

Жаңбыршы Нұркенов "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры болып жұмыс істеді. Оның басшылығымен елорданың сумен жабдықтау және кәріз жүйесін қайта құру, осы кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Надежда Петухова денсаулық сақтау жүйесінде 1977 жылдан бастап дәрігер-инспектор, емдеу-алдын алу секторының басшысы, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің босандыру және балалар жөніндегі меңгерушісінің орынбасары, № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.  Ол қаланың денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлкен үлес қосты.

Марапатты табыс ете отырып, әкім елорданың қарқынды дамуының негiзгi күші – оның тұрғындары, түрлі сала қызметкерлері болып саналатынын атап өтті. Алтай Көлгінов елорданың құрметті тұрғындарына еліміздің бас қаласының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс бiлдiрдi.

Айта кету керек, 1998 жылдан бері елордада 32 адам қаланың «Құрметті азаматы» атағына ие болды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх