Қоғам

Nur Otan азаматтардың өтініштерін бақылауды күшейтті

26 наурыз, 14:4166
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партияның қоғамдық қабылдауларына келіп түскен азаматтардың өтініштерін қадағалаусыз қалдырмау үшін, партиялық бақылау комиссиясының және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің жұмысын күшейтеді. Бұл жайлы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Әңгіме азаматтардың өтініштеріне құлақ аспаған, өзіне жауапкершілік алып дер кезінде шешім қабылдамаған, сонымен қатар тұрғындардың көтеруімен БАҚ және әлеуметтік желілерде резонанс тудырған мәселелерге назар аудармаған лауазым иелерінің атына келіп түскен шағымдар жайында болып отыр», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Сонымен бірге «Nur Otan» дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржылық құралдардың таза және тиімді жұмсалуын партиялық және қоғамдық бақылауға алмақ.

Call-орталық: 8 800 080 44 41

Электронды пошта: komek@nurotan.kz

WhatsApp: 8 700 800 44 41




Наверх