Билiк және саясат

Назарбаев пен Мирзиёев әлемдегі күрделі ахуалды талқылады

20 наурыз, 16:1564
Автор: Elorda Aqparat

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі күрделі ахуалды талқылап, жаһандық эпидемиологиялық ауыртпалықты еңсеру бағытында екі ел қабылдап жатқан шараларға өзара қолдау білдірді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы мен күн тәртібіндегі өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.

«Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев және Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды», - деп ақпарат таратты elbasy.kz.

Бұған дейін Елбасы коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялаған болатын.

       Қымбат Елтайқызы




Наверх