Қоғам

Министр қала тұрғындарын #Birge #TazaQazaqstan акциясына қатысуға шақырды

16 шiлде, 11:25229
фото Мағзұм Мырзағалиевтің Twitter парақшасынан фото Мағзұм Мырзағалиевтің Twitter парақшасынан

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қала тұрғындарын экологиялық акцияға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мағзұм Мырзағалиев қала маңдағы су қоймаларының біраз жерін аралап шыққанын және олардың айналасы қоқыс пен қалдыққа толы екеніне қынжылды. Сол үшін проблеманы тек әкімшілік әдіспен емес, тұрғындарды оған атсалысуға шақырды.

«Осыған орай, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жөнінде хабарлағым келедi. 20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастаймыз. Қоршаған ортаның тазалығын қалайтын барлық азаматтарды,қоғам қайраткерлерін, үкімет мүшелері мен экология белсенділерін бірге қатысуға шақырамын!», - деп жазды ведомство басшысы twitter-дегі парақшасында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх