Қоғам

Мемлекеттік тіркеу қызметі оңтайландырылды

08 қазан, 18:18356
Автор: Elorda Aqparat
Сурет Көлік комитетінен Сурет Көлік комитетінен

Теңіз кемелерінің немесе салынып жатқан кемелердің ипотекасын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстыру арқылы оңтайландырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Көлік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы қызметті көрсетудің тиісті стандарты биылғы 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді. 

Енді қызмет алушыларға Ақтау қаласында орналасқан аталған әкімшіліктің кеңсесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. 

Өтініш берушіге электрондық-цифрлық қолтаңба және интернетке қол жеткізу жеткілікті. «Электрондық үкімет» порталында ол мәліметтер нысанын толтырып, төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баж төлейді (5 айлық есептік көрсеткіш немесе 12 625 теңге) және осындай шартта көрсетілген құжаттармен кеме ипотекасы туралы шарттың сканерленген көшірмесін тіркейді. Қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Қарау нәтижелері бойынша кеме ипотекасын тіркеу туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх