Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен көз жұмған қазақстандықтың туыстарына көңіл айтты

26 наурыз, 22:2244
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен көз жұмған қазақстандықтың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Президент өзінің Twitter парақшасында жазды. 

"64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны Бәріміз Бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. 




Наверх