Билiк және саясат

Мемлекет басшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады

15 қаңтар, 19:34271
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ақорда сайтынан алынды Фото Ақорда сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болып кіру мәселесі, сондай-ақ Еуропа Кеңесімен ықпалдастығының перспективалары туралы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіруге көрсетіп жатқан қолдауы үшін Еуропа Кеңесіне ризашылығын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда халықаралық ұйыммен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. 

"Біз аталған ұйымның қызметіне атсалысуға өте мүдделіміз. Бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымызға, сонымен қатар ел дамуына кері әсер ететін басқа да мәселелердің шешілуіне тың серпін береді деп сенеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Джанлука Эспозито Қазақстан мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының ынтымақтастығы екі тарапқа да тиімді болатынын айтты.

"Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болуы жемқорлықпен күрестің принциптері мен тетіктерін жетілдіру ісіне ғана емес, сондай-ақ бизнес-ахуалды жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жандандыруға да септігін тигізеді", – деді ұйымның атқарушы хатшысы. 




Наверх