Қоғам

Медициналық бетперде мен антисептикті заңсыз саудалаған 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды – министр

26 наурыз, 16:1427

Медициналық бетперде мен антисептикті заңсыз саудалаған 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ОКҚ-да өткен онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде полиция, прокуратура және кірістер департаменттерінің өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеуде. Олар барлық жерлердегі медициналық бетперделер мен антисептиктерді рұқсатсыз жоғары бағада сату деректері бойынша деректерді анықтауда. Төтенше жағдай басталғаннан бері Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша 15 тергеу амалдары басталды. Мұндай деректер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында анықталған. Елорда мен Ақтөбе облысында бетперделер мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 млн бетперде мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр», – деді министр.




Наверх