Мәдениет

Мәскеуде Қазақстанның кино апталығы өтіп жатыр

20 қараша, 21:2853
Автор: Elorda Aqparat
Сурет интернеттен алынды Сурет интернеттен алынды

Мәскеуде 18-23 қараша аралығында жазушы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған Қазақстанның кино апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кино апталық аясында мәскеуліктер мен қала қонақтары Қазақстанның сұранысқа ие 8 фильмін тегін көре алады. Олардың қатарында Әбіш Кекілбайұлының повесінің желісі бойынша түсірілген "Шыңырау" фильмі мен "Анаға апарар жол" фильмі бар. 

Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен РФ Мәдениет министрлігі және "Планета кино" қоғамдық ұйымы.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх