Билiк және саясат

Мәжілістің отырысына жасы 65-тен асқан депутаттар қатыстырылмайды

26 наурыз, 11:3254
Автор: Elorda Aqparat

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына жасы 65-тен асқан депутаттар коронавирус инфекциясына қарсы шара ретінде қатыстырылмады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, бүгінгі пленарлық отырыс аздаған өзгеріс енгізілген форматта өтіп жатыр. Бұл отырысқа арамыздағы бірнеше әріптесіміз қатыспайды. Бірақ бұған бола алаңдаушылыққа еш негіз болмауы керек. Олардың бәрі аман-есен», - деді палата спикері.

Ол бүгінгі отырыстың форматы не себепті өзгеше өтіп жатқанын түсіндіріп өтті.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша жасы 65-тен асқан әріптестерімізге отырысқа қатыспауы туралы кеңес бердік. Пленарлық отырысты өткізуге бұл формат та мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отырысқа енді депутаттар мен негізгі баяндамашылар ғана қатысатыны өздеріңізге мәлім. Ешқандай қоғамдық ұйымдар, ҮЕҰ, қызығушылық танытқандар қатыстырылмайды», - дейді Нұрлан Нығматуллин.




Наверх