Қылмыс және оқиғалар

Қызылордада жол апатынан үш адам қаза болды

04 наурыз, 09:3765
Автор: Elorda Aqparat

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Polisia.kz-тің мәліметінше апаттан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ағымдағы жылдың 4 наурызында сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді», деп жазады Polisia.kz.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталуда.




Наверх