Қоғам

«Қызылорда – Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойызда нәресте дүниеге келді

24 қыркүйек, 10:33640
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Кеше №91 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз – Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«6 вагонда келе жатқан Гүлнұр Жолдас жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы пойыздың ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігер іздеді. Абырой болғанда сол құрамда білікті акушер мамандары, атап айтқанда Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаеваның сапар шегіп бара жатқаны анықталды. Бірден 6 вагонға келген олар жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді босандырып алды. Шу стансасына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі тосып алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді», - делінген хабарламада.

Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар мен пойыз бастығы Меруерт Қорабаеваға алғысын білдіреді. Нәрестеге анасы Меруерт деген есім берді.

Айта кетсек, компанияға қарасты барша жолсеріктер әр уақытта алғашқы медициналық және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтеді.

Өткен жылы жол үстінде 10 бала дүниеге келген.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх