Қоғам

Қытай елшілігі ренішін білдірді

28 ақпан, 20:391804
Фото ҚХР елшілігінің Twitter аккаунтынан Фото ҚХР елшілігінің Twitter аккаунтынан

Қазақстандағы Қытай елшілігінің Twitter аккаунтында коронавирусқа байланысты қоғамның әрекетіне ренішті пікірлері жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Вируспен күрес жүргізуді жалғастыра отырып өзінің халықаралық жауапкершілігін сезінетін Қытай серіктестерімен тәжірибесімен де бөлісуге дайын. Түннен кейін таңның да ататыны белгілі. Біз вирусты таратпау жөніндегі шараны саясиландыруға о бастан қарсымыз. Шекараны жабу, қытайлықтарды үйге қайтару кәсіби іс емес, тіпті орынсыз. Егер бұл біреудің қолқалауымен жүргізілсе, тіптен ол қауіпті. Вирусқа ЖОО ұсынымдарына сүйене отырып, ғылыми, кәсіби тұрғыдан қараған дұрыс. Оған шектен тыс емес, қисынды көзқараста болу керек. Әйтпесе қоғам үрейге бой алдырады. Бұл вирустың өзінен де зияндырақ», – делінген Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің Twitter аккаунтында.




Наверх