Учаскелік полицей жолдастарымен бірге Ершовка ауылындағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшкені тауып алса керек. Сол жерді ол телефонына түсіріп, жазбаны WhatsApp мессенджері арқылы танысына жібереді.
Оган өкілі алдымен спиртті еденге төгіп, оған от қояды. Бейнежазбада полиция қызметкері жанындағы адамдарымен тапқан «олжаны» сөз етіп, «осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес» деп пікір білдіреді. Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтап, қызметінен босатты.
Бейнежазбаның өзі «Одноклассники» әлеуметтік желісінде таралып кеткен.