Қоғам

Көшелердегі көлік қозғалысы қатаң бақылауда – Е.Сәденов

31 наурыз, 10:542766
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы онлайн брифингте карантин кезінде елордадағы көлік қозғалысы қатаң бақылауда болатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Егер маршрут өз бағытын өзгерткен жағдайда бейнебақылау камерасы арқылы оны жүйе қаншалықты анықтай алады және қандай жаза қолданылады? Ал егер көлік жүргізушінің атында болмаса ше?» деген журналистер тарапынан қойылған сұраққа Ержан Сәденов былай деп жауап берді:


«Әрине, көлік қозғалысы қатаң бақылауға алынды. Соның ішінде әкімдік тарапынан рұқсат етілген көліктер бар. Егер заңға сәйкес қандай да бір ереже бұзу дерегі тіркеліп жатса, әрине кез келген азамат тиісті жазаға тартылады. Дегенмен барлығы жағдайға қарай тексеру шаралары жүргізілетін болады. Әрқайсысына жекелей үңілетін боламыз».

Сонымен қатар ол азаматтардың көшеде медициналық бетпердесіз жүруге болмайтынын ескертті.  

«Ал бетперде туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта бетпердесіз көшеде жүруге болмайды. Ол туралы ақпарат үнемі айтылып жатыр. Ескерту жұмыстары да жүргізілуде. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында медициналық бетперде мөлшері жеткілікті», – деді департамент бастығы.




Наверх