Қоғам

Коронавирусты анықтайтын тест халыққа тегін жасалады – Дәурен Абаев

23 наурыз, 16:3447
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

ОКҚ-де коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қауіпті індетті анықтайтын тест жайлы айтты.

«Бүгінгі күні елімізде коронавирусты анықтайтын 60 мың тест бар. Алдағы күндері тағы 150 мың тест жеткізіледі. Бұған қоса, тағы 100 мың тест демеушілер есебінен сатып алынады. Бұл тесттер халық үшін тегін жасалады», - деді Д.Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізілді. Ал бұған дейін бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жарияланған болатын.

Қымбат Елтайқызы




Наверх