Қоғам

Коронавирустан көз жұмған әйел Алматы мен Шуда қонақта болған

27 наурыз, 12:41165
Автор: Elorda Aqparat
Ғаламтор Ғаламтор

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов коронавирустан көз жұмған әйел туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Туыстарының айтуынша, ол тұмау және коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болмаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурызда Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған», - деді Ілиясов арнайы брифингте.

Бұған дейін індеттен көз жұмған адаммен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынғанын хабарладық.

Атап өтсек, кеше елімізде коронавирустан бір науқас көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Қымбат Елтайқызы




Наверх