Қоғам

Коронавирустан көз жұмған адаммен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынды

27 наурыз, 11:01183
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Ақмола облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Жедел хабар алғаннан кейін Целиноград ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасы марқұммен байланыста болған адамдарды анықтады. Олар – үйдегі адамдар, пациент жатқан №2 көпсалалық облыстық ауруханадағы азаматтар. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылып, зертханалық тексеруден өтті. Бұл азаматтар медициналық бақылауда болады. Бүгінгі күні эпидемияға қарсы барлық шаралар жасалып жатыр. Бүгін жерлеу рәсімі өткеннен кейін үй толығымен дезинфекцияланады. Зарарсыздандыру жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласының ұлттық сараптама орталығы жасайды», - деді Омарханов арнайы брифингте.

Атап өтсек, кеше елімізде коронавирустан бір науқас көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның туыстарына көңіл айтты.

 

Қымбат Елтайқызы




Наверх