Қоғам

Коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты әкімшілік тергеудің нәтижесі қалай болды

30 наурыз, 20:06104

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен онлайн брифингте коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты әкімшілік тергеудің нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Коронавирустан қайтыс болған науқастың туыстарына тағы да көңіл айтамын. Әрине, әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың нақты қай жағдай екені белгісіз. Дегенмен осы жағдай бойынша әкімшілік тергеу жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша науқас жедел жәрдемді алғаш рет шақырғанда дәрігерлер жай суық тиген деген диагнозбен ауруханаға жатқызбаған. Кейіннен тағы да шақырту болған кезде ғана оның коронавирус жұқтырғаны анықталып, өкінішке қарай, науқас ауруханаға кеш жеткізілген. Бұл тұрғыда дәрігерлердің тарапынан да қателік болғаны рас. Осыған сәйкес, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен облыстық жедел жәрдем стансасының директорына тәртіптік жаза қарастырылды», – деді министр.

Оның айтуынша, тест қорытындысының қате шығуына сол кездегі ауыр жүктеменің өте көп тіркелгені себеп болған. 

«Вирус жұқтырды деген күдіктегі азаматтар мен шетелдерден келіп жатқан азаматтар тексерістен өткізіліп жатқандықтан, бір аппаратқа 30 тесттен келеді. Дегенмен алдағы уақытта біз осы мәселені қолға аламыз», – деді Біртанов.




Наверх