Қоғам

Коронавирустан жазылған екі қазақстандықтың қай қалада емделгені белгілі болды

26 наурыз, 16:1889
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан жазылған екі қазақстандықтың қай қалада емделгенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Кеше айтқанымыздай, екі емделуші коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Олардың біреуі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді. Кеше осы хабар тараған соң БАҚ өкілдері пациенттер туралы сұрап, көп хабарласқан екен. Бірақ дәрігерлік құпияны сақтау жөнінде тағы да еске саламыз. Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер өздеріңізді сол адамның орнына қойып көріңіздер. Бұл адамдардың барлығы - өз азаматтарымыз, олардың өзіне қатысты жеке мәліметтерді жарияламауға құқығы бар. Біз оны сыйлауымыз керек», - деді Абаев арнайы брифингте.

Кеше министр Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылғанын хабарлаған болатын.

Қымбат Елтайқызы




Наверх