Қоғам

Коронавирус. «Болашақпен» оқып жатқан студенттер елге орала ма?

12 наурыз, 13:09131

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов коронавирусқа байланысты «Болашақпен» білім алып жатқан студенттердің бір бөлігі елге оралатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазіргі уақытта 857 қазақстандық 18 мемлекетте «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Олардың ішінде бірінші санатқа кіретін елдерде 19 азаматымыз бар. Қазір біз шетелдік университеттің біразы қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкенін байқап отырмыз. Сондықтан бүгінде олардың белгілі бір бөлігі елге оралады», - деді министр.

Ол сөзін жалғай отырып, нормативті-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізу жайлы айтып екінші мәселені қозғап өтті.

«Бұл өзгерістер қазіргі туындап отырған жағдайға байланысты олардың ұшып келу үшін кететін шығынын өтеп, сондай-ақ стипендия секілді өзге де мәселелерін қарастырады. Біз бұл проблеманы шештік. Қажет қаржы бөлінеді», - деді Асхат Аймағанбетов.




Наверх