Қоғам

Коронавирус. «Бақытты отбасына» құжаттар электронды түрде ғана қабылданады

16 наурыз, 09:08172
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй қоры» КММ коронавирустың алдын алу мақсатында «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжаттарды онлайн қабылдайтын болады. Бұл туралы Елорда Инфо «Тұрғын үй қорының» баспаөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау тек қана электронды түрде жүзеге асырылады. Электрондық өтініштерді қабылдау 16 наурыз күні сағат 10.00-де zhilfond.kz веб-сайты арқылы басталады, өтінішті Интернет арқылы өзіңіз жібересіз, қарбалас болдырмау мақсатында Тұрғын үй қорына келудің қажеті жоқ», - деп жазады Instagram парақшасында.




Наверх