Өңірлер жаңалығы

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірім ұсталды

30 наурыз, 09:28102
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Түркістан облысының полицейлері Қарнақ ауылында коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды  Елорда Инфо Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Кентау қалалық полиция бөліміне Қарнақ ауылында коронавирусты жұқтырғаны туралы әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан белгісіз адамды анықтау үшін полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Осылайша жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Кентаулық полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осы ауылдың тұрғыны жергілікті мектептің 8-сынып оқушысы болып шықты.

Жасөспірім қылмысын толық мойындады және істеген ісіне өкінетінін айтты. Бала ата-ананың қадағалауына берілді және олармен тиісті профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. ​Жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Түркістан облысының полицейлері жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.




Наверх