Қоғам

Коронавирус жұқтырған тағы бір адам Жамбыл облысында тiркелді

26 наурыз, 22:3046
Автор: Elorda Aqparat
Ғаламтор Ғаламтор

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыз сағат 22:20-дағы жағдай туралы жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында - 40 адам, Қарағанды қаласында - 4 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 112 науқас тіркелген», - делінген ақпаратта.

Атап өтсек, бүгін коронавирустан жазылған екі қазақстандықтың ауруханадан шыққаны белгілі болды.

Дегенмен кейін Нұр-Сұлтанда қауіпті індет жұқтырған төрт науқастың ауыр халде жатқаны анықталды.

Одан кейін бір адамның көз жұмғаны туралы хабар таратылды.

 

Қымбат Елтайқызы




Наверх