«Тексеру барысында коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен бірге, туысқандары және жұмыстағы қызметкерлері арасынан жақын байланыста болған адамдар медициналық ұйымдардың бақылауында. 2020 жылдың 31 наурызы күнгі жағдай бойынша ауруханада 1 693 адам жатыр. Оның 96-сы 18 жасқа дейінгі балалар. Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді», - дейді Сәуле Қисықова.
Басқарма басшысы сөз арасында науқастардың 45 пайызы ер адамдарға, 55 пайызы әйел адамдарға тиесілі екенін атап өтті.
«Науқастардың ішінде 30-49 жастағы 76 адам бар, бұл жалпы санының 45 пайызын құрайды. Ал 18-29 жастағы 27 адам бар. 60-69 жастағылар – 10 пайыз (17 адам). Сонымен қатар, тіркелген 175 науқастың 61 пайызы немесе 107 оқиғасы стационарларда ертерек оқшауландырылған немесе науқастармен жақын байланыста болғаны себепті үй карантинінде болғандар. Олар – отбасы мүшелері, қызметтегі әріптестері, медициналық қызметкерлер, бортта бірге болған жолаушылар», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Ол өз сөзінде науқастардың жағдайына егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатарында 6 адамның жағдайы тұрақты ауыр. Ал 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қалғандарының жағдайы ойдағыдай. Емдеу жұмыстары хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді.