Тұрғын үй алаптары

«Қорғалжын орамы» ТК үлескерлері пәтер кілтін алуы тиіс – Көлгінов

30 қыркүйек, 10:012159
Автор: Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов таңғы аралау кезінде «Қорғалжын орамы» тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Нысан 2017 жылы проблемалық деп танылды, бұрынғы құрылыс салушы жоғарғы техникалық және төменгі қабаттарды пәтер ретінде сатқан. Үй «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында «ЕКК» ЖШС қатысуымен салынады.

«Жоба бойынша пәтер саны - 276, ал сатылған пәтер саны - 372. Демек, 96 пәтерге көп. Қазір үйді техникалық тексеру, жобалық-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ инженерлік желілер жобасын әзірлеумен айналысатын боламыз. Себебі үйдің ешқандай құжат жоқ», - деді жаңа инвестор.

Елорда әкімі үйді инженерлік желілерге қосқанға дейін барлық құжаттарды дайындап, ішкі жұмыстарға кірісу қажеттігін атап өтті.

«Үй құрылысын аяқтау қажет, үлескерлер пәтер кілттерін алуы тиіс», - деді А.Көлгінов.

Айта кетейік, қалада барлығы 51 (76 үй) проблемалық нысан бар. Құрылыс барысын «Nur Otan» және мәслихат депутаттары бақылайды. Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх