Қоғам

Қордайдағы оқиғаны ұлтаралық қақтығыс деп санамаймын – ЕҰУ профессоры

12 ақпан, 20:46308

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Әміржан Әлпейісов Қордайдағы оқиғаға байланысты Елорда Инфо сайтына пікір білдірді.

«Жуырда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қазақтар мен дүнгендер арасында болған қақтығысты ұлтаралық шиеленіс деп айтуға болмайды. Әлбетте, ұсақ-түйек тұрмыстық мәселеге бола бірді-екілі тентек өзара шекісіп қалуы мүмкін. Алайда ондай тентектердің көп болуы мүлде басқа проблеманы көрсетеді», - дейді Ә.Әлпейісов.

Оның ойынша бұл оқиғаның астарында әлеуметтік мәселе жатыр.

«Жастардың жұмыссыздығы, елдегі түйіні тарқамаған әлеуметтік мәселелер – бәрі-бәрі жиналып келіп, бір күні жарылды. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін үкімет әлеуметтік-экономикалық салаға, халықтың әл-ауқатына көп көңіл бөлу керек. Тұрғындарды, әсіресе, жастарды жұмыспен қамтуда тұрақты, жүйелі жұмыс жүргізілуі қажет. Ешқандай мәселе айқай-шумен, көшедегі қантөгіспен шешілмейді. Халық соны ескерсе екен деймін», - дейді ол.




Наверх