Қоғам

Көлгіновтің тапсырмасымен Президенттік саябақ қалпына келтіріледі

13 тамыз, 09:25499
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені бойындағы саябақты жаяу аралап шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парк аумағы 113 гектар. Мұнда велосипед жолдары, жүгіруге арналған жолдар орнатылған. Алайда, саябақтың қазіргі жағдайы нашар.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Саябақ аумағында көше шамдары жұмыс істемейді. Саябақтың ағаштары күтімсіз қалып, кеуіп қалған. Тәртіп сақтауды тек бір ғана адам қадағалайды.

«Саябақ ішіне камералар орнату мәселесін қарау қажет. Саябақты абаттандыруға кірісіп, оны тиісті түрге келтіру керек. Тұрғындарымыздың денсаулығы үшін де зор пайдасы бар, себебі аумақта жүгіру, велосипед жолдары бар. Саябақты жаңғырту мәселесін «Алматы» ауданы әкімдігі қолға алатын болады, саябақ тұрғындар үшін демалыс орны болуы керек», - деді А.Көлгінов.

Елордада барлығы 10 иесіз қалған саябақ пен сквер бар. Әкімдік аумақты абаттандыру және теңгерімге беру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх