Қоғам

Көлгінов: 22 наурыздан бері халықаралық рейспен келген 2,5 мың жолаушы карантинге жатқызылды

31 наурыз, 11:48124
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов төтенше жағдай режимі кезінде астана аумағында қолға алынып жатқан шараларды мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бәріміз білеміз, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл жаһандық проблема тудырып отыр. Өкінішке қарай бізді айналып өтпеді. Сондықтан қазіргідей қиын жағдайды ескере отырып, Қазақстан Президенті ел аумағына төтенше жағдай режимін енгізді. Ең бірінші бүкіл қауіптің бетін алып, проблеманы шешу керек. Сол себепті Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілді», - дейді әкім.

Ол өз сөзінде төтенше жағдай режимін енгізудің маңыздылығына тоқталып өтті.

«Ең біріншіден төтенше жағдай режимін енгізу арқылы шекарамызды жабамыз. Вирус бізге сырттан келді. Екіншіден, Нұр-Сұлтан қаласына келіп қонатын рейстер арқылы біз инфекция жұқтырдық. Сол себепті біз әуежайды қатаң бақылауға алдық. 22 наурыздан бүгінге дейін халықаралық рейспен келген 2,5 мың жолаушыны (бұл 28 рейс) карантинге жатқыздық. Олардың ішінде 5 адам оң нәтиже көрсетті. Олар қалаға кірген жоқ, қазір бұл бес адам емделіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, практика жүзінде жұқпалы ауру таратушы 1 адам қоғамға енсе, 10 күн ішінде 3,5 мың адамға жұқтырады. Сол себепті осындай шаралар қолданып жатырмыз. Енді мемлекеттік комиссия ертеңнен бастап бүкіл халықаралық рейсті тоқтату туралы шешім қабылдады. Яғни, Нұр-Сұлтанға халықаралық рейспен ешбір жолаушы келмейді. Біз қазір үшінші кезеңді жүзеге асырып жатырмыз. Яғни қала ішінде вирусты локализациялау жүргізіп жатырмыз», - дейді елорда әкімі.




Наверх