Жолдау-2019

Қоғамдық келісім – халық пен билік арасындағы алтын көпір – Мәжіліс депутаты

16 қыркүйек, 14:35404
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Биылғы Жолдаудың форматы өзгеше болды. Өйткені, Жолдау тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Парламент сессиясы ашылатын күні жасалды. Яғни Мемлекет басшысы Парламенттің алғысөзін халыққа Жолдауынан бастады. Сөйтіп, Үкіметпен қатар, Парламенттің де рөлін нақтылап, оның міндеттерін ашып көрсетті», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Жолдау аясында жүзеге асырылатын жұмыстарды Елбасы саясатымен сабақтастыру қажеттігін айтты.

«Елбасы жүргізген саясатты жалғастыра отырып, соның ішінде біз үшін, Ассамблея мүшелері үшін этномәдени бірлестіктері үшін ең жанымызға жақыны төртінші бағыт қоғамдық келісімді нығайту. Ол дегеніміз халық пен билік арасындағы алтын көпір. Себебі қоғамның тыныштығы қашанда маңызды, қоғамда бірлік бар жерде тірлік те болады. Соның ішінде алғаш рет Мемлекет басшысының аузымен қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлі арнайы айқындалды. Бұл да үлкен тезис. Сондай-ақ, қазақ тілінің бірте-бірте ұлтаралық қатынас тіліне айналатыны айтылды. Оған біреу жетер, біреу жетпес. Ең бастысы, мақсатымыз айқын», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанамыздай, бүгін елордада қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің басшылық етуімен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері мен ҚР Ассамблеясының мүшелері және тағы басқалар қатысты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх