Руханият

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин дүниеден өтті

01 қаңтар, 13:00259
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин 82 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин өмірден өтті», – деп жазды Ерлан Сайыров Facebook желісінде.

Серікболсын Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған.

1960 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, еңбек жолын агроном болып бастаған. 1963–1966 жылдары аспирант, аға ғылыми қызметкер, 1967–1982 жылдары - Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болған. 1982 – 1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы - АӨК басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылдары - Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды. 1995 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университеті Агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарды.

Әбділдин – 11-ге жуық ғылыми еңбек пен 6 монографияның авторы. 




Наверх