Қоғам

Кеселдің қаупін әлі де сезінбей жүргендер бар  – А.Көлгінов 

31 наурыз, 12:39110
Фото қалалық әкімдіктен алынды Фото қалалық әкімдіктен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тікелей эфир арқылы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі уақытта «С» жоспарының жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазіргі уақытта «С» жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Қаланы карантинге жауып, қоғамдық көлікті тоқтатып, бір апта демалыс жариялап жатқанымыздың бәрі – «С» жоспары бойынша жүргізіліп жатыр. Бүгінде қала толықтай жабық. Тек «Жасыл дәліз» бойынша азық-түлік тасымалдаушылар ғана кіре алады. Содан соң әртүрлі өмірлік жағдайға байланысты ғана қаладан шығарып, кіргізуге рұқсат береміз. Мысалы, біреудің жақыны ауырып қалуы немесе қайтыс болуы мүмкін. Дегенмен қалада кеселдің қаупін әлі де сезінбей жүргендер бар өкінішке қарай. Өзіне жаны ашымайды екен, бірақ өзге де адамдарға зиянын тигізуге болмайтыны туралы оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Алтай Көлгінов.




Наверх