Қоғам

Қазақстанның зымыран әскерлері мен артиллерия күні аталып өтті

19 қараша, 18:5483
Автор: Elorda Aqparat

Бүгін елімізде зымыран әскерлері және артиллерия кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Зымыран әскерлері және артиллерия қазақстандық әскерде олар қарсыласты атыспен зақымдауда тапсырмалардың негізгі бөлімін орындайтын Құрлық әскерлерінің негізгі атыс күші болып саналады.

«Олар – Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің құрамындағы жоғары ептілік пен дәлдікті талап ететін жеке әскер түрі. Әскер тактикалық зымырандардың құрамаларынан, гаубицалық, зеңбіректік, реактивті және танкіге қарсы қолданылатын артиллериядан, артилллериялық барлаудан, минаатқыш және танкіге қарсы бөлімшелерден тұрады. Аталған бөлімдер мен бөлімшелер қажетті зымыран мен 82-ден 300 мм-ге дейінгі калибрлі артиллериялық жүйе түрлерімен қамтамасыз етілген», – делінген хабарламада.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх