Спорт

Қазақстандық футболшы әлемнің үздік қақпашысы атанды

27 наурыз, 17:20164
Автор: Elorda Aqparat
Фото olympic.kz сайтынан Фото olympic.kz сайтынан

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасының қақпашысы «Игита» атымен танымал Леонардо де Мело Виейра Лейте әлемнің үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды Елорда Инфо olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Футзалдан дәстүрлі «Futsal Planet Awards» додасын анықтауға 244 респондент қатысты.

Отандасымыз 693 ұпай жинап, осы аталым бойынша қатысқан тоғыз үміткерді басып озды.

«Барселона» қақпашысы Хуана Хосе Ангосто Эрнандеса «Хуанхо» 673 ұпаймен екінші, 655 ұпай жинаған португалиялық «Спортинг» қақпашысы Тиаго Мендеса Рочу «Гуитта» үшінші орыннан көрінді. 

Айта кетерлігі, қазақстандық қақпашы осымен төртінші рет үздік атанып отыр. Осыған дейін ол 2015, 2016 және 2018 жылдары да әлемнің үздік қақпашысы атағын иеленген болатын.




Наверх