Қоғам

Қазақстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

26 наурыз, 20:43210
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Қазақстанда коронавирустық инфекциядан бір адамның өлімі тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирі арқылы мәлімдеді. 

"Қымбатты Отандастар! Бұл – шұғыл брифинг. Өкінішке қарай коронавирус індетінен бір қазақстандық көз жұмды. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Оның медициналық жағдайы туралы ертең Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы брифинг өткізеді. Бұл жағдай кезекті рет коронавирустың қауіпті екенін көрсетіп отыр. Қазіргі болып жатқан жағдайдың бәрі барлығымыз үшін де үлкен сынақ", – деді министр. 




Наверх