Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 293-ке жетті

30 наурыз, 11:23190
Автор: Elorda Aqparat

Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тіркелді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Денсаулық сақтау министрлігінің 30 наурыздағы 11:10 сағаттағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді.

Оның ішінде Алматы қаласында - 3 адам, Батыс Қазақстан облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адамнан анықталды.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Батыс Қазақстан облысында - 5 адам, жалпы 293 науқас тіркелді, - делінген хабарламада.




Наверх