Қоғам

Қазақстанда қандай мамандар тапшы

14 ақпан, 15:55121
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Елімізде күзетшілер, патрульдеу жөніндегі инспекторлар және тәрбиешілер тапшы, деп хабарлайды Елорда Инфо finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Электронды еңбек нарығы ұсынған дерекке сүйенсек, түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының арақатынасы бойынша Қазақстандағы ең тапшы мамандықтар қатарына күзетші, қазандық операторы, патрульдеу жөніндегі инспектор, мейіргер, тәрбиеші кіреді. Ал заңгер, жалдау саласының маманы, экономист, мал өсіруші, қаржыгер, керісінше, шектен тыс көп.

 2019 жылдың төртінші тоқсанында жұмыспен қамтылған халықтың саны 8,8 млн адамды құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға артық. Жұмыспен қамтылғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Атырау облысында тұрады.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көбі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклерді жөндеу салаларында істейді. Көшбасшы салалардың ішінде ауыл, орман және балық шаруашылығы мен білім беру саласы, сондай-ақ өндіріс салалары да бар.

Ал жұмыссыздардың жалпы саны 441,4 мың адамды құраған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға кем.

Жұмыссыздардың ең көбі Алматы қаласында, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында шоғырланған.

Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан облысы мен Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген.




Наверх