Қоғам

Қазақстанда жеке куәлікті QR-код арқылы қолдануға болады

06 қараша, 09:33601
Автор: Elorda Aqparat

Жеке куәліктің электронды нұсқасы шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің жеке куәлігін электронды түрде табу оңай. Жеке куәліктердің электронды түрі «eGov mobile» мобильді қосымшасында қолжетімді. #NITEC («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ) веб-әзірлеушілері жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Егер сізде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болмаса, «eGov mobile» мобильді қосымшасының көмегімен QR-код арқылы оның электронды нұсқасын қолдана аласыз», - деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

«eGov mobile» мобильді қосымшасы Play Market (Android) және App Store (iPhone) қосымшаларында қолжетімді. Оны қалай қолдану керектігі туралы @nitec.kz және @egov.kz сайттарынан білуге болады.




Наверх