Қоғам

Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды

25 наурыз, 17:1055
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгінгі басты жаңалық – жақсы, қуанышты жаңалық. Екі пациент коронавирустан жазылды. Олар соңғы тексеру анализдерін тапсыруда. Бұйыртса, ауруханадан ертең шығады. Бұл біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз», - деді Абаев арнайы брифингте.

Министр медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қымбат Елтайқызы 




Наверх