Қазақстан мен Өзбекстанның екі жақты ынтымақтастықты дамыту Жол картасына қол қойылды

19 қараша, 15:4728
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР АШМ ресми сайты Дереккөз: ҚР АШМ ресми сайты

Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының Ауыл шаруашылығы министрлері Сапархан Омаров пен Жамшид Ходжаев ауыл шаруашылығы саласында орташа мерзімді преспективаға ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасына қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР АШМ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген келіссөздер аясында қол қойылған аталған құжат 2019-2024 жылдар арасында ауыл шаруашылығы саласындағы екі елдің ынтымақтастықты дамыту шараларын қарастырады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы ғылымы, өндіріс, сертификаттау, сауда, цифрландыру, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдіктер карантині салаларындағы бірқатар бірлескен шараны қамтиды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаев бастаған Өзбекстан делегациясымен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында қонақтарға Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру жобалары, ауыл шаруашылығы жерлерінің кадастры, электрондық астық қолхаттарының сервисі, электрондық субсидиялау және сақтандыру, сандық және спутниктік жер мониторингі енген QOLDAU сандық платформасының жұмысы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің Ахуалдық орталығының жұмыстары таныстырылды.

Платформада 85 млн гектар егістік пен жайылым цифрландырылған. Аталған жүйенің көмегімен 150 млрд теңгеден астам субсидия төленді, 38 млн тоннадан астам астық сатылымға шығарылған.

Жамшид Ходжаев саладағы жаңалықтарды жоғары бағалап, қазақстандық мамандардың қолдауымен Өзбекстанда осындай платформа құруды ұсынды.

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ауыл шаруашылығы шикізаты өңделген өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы шамамен 770 млн долларды құрады.

Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі көлемі бидай мен меслинге, бидай-қара бидай ұнына, күнбағыс дәніне, қантқа, ірі қара малға, бидай қалдықтарына тиесілі.

Өзбекстан Қазақстанға негізінен шие, жүзім, өрік, қызанақ, шабдалы, құрма, көкөністерді экспорттайды.




Наверх